Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  78


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сот емес, от кеседi –

Сот емес, от кеседi –
Заңды менен заңсызды!
Тiршiлiктiң есебi:
Жанды билер жансызды.
Мен бiр шортан, сiз шабақ,
Қайтсем екен, ал сiздi?
Кiм де, ол де – бəрiбiр:
Күштi жейдi əлсiздi.
Жұлынды мен жуанның
Азу тiсi қан сызды.
Iштен шыққан жыланның
Азабы да сансыз-ды.
Құтылмайсың қашқанмен,
Күтiп тұрған бар сүзгi.
Тiсiн қайрап сақ жүрген –
Пəршелейдi қамсызды.
Бұл сұрқия дүние
Болғанымен қанша iзгi,
Ақ төсектiң үстiнде
Шалжитады арсызды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу