Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  80


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖЕТЕДI!

Жетедi!
Жетедi ендi!
Əурелеме!
Қаусады қара шаңырақ, дəу кереге.
Қолыңды малған қанды жалап тұрып,
Сұрқия жəдiгөйсiп “тəубе” деме.
Тəубеге келмес бұрын күнəңдi жу.
Арзанға түспес саған лаң құру.
Ақыры алып тыңдың қапылыста,
Сен едiң аңдысқан жау, сыралғы қу.
Жауыз ең тартып туған жатырыңа,
Көлгiрсiп көңiл айтпа жақыныма.
Мойныңа қан жүктеп кеп тапқаныңды
Көжеңнiң сеппекпiсiң қатығына.
Жаңылар, түлкi көрсе, қоян жолдан.
Аяғы аңғалдардың таяр жардан.
Адамзат əлi талай бармақ шайнап,
Опық жер екi жүздi аярлардан.
Жетедi! Басты ауыртып, бопсалама!
Жақын дос жат ұңғыға оқ сала ма.
Таныдым. Таттым зəрiн. Тарттым зарын,
Болсаң да сексен iнi, тоқсан аға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу