Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  91


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖҰРТ БIЛЕДI ЖАЙЫҢДЫ...

Жұрт бiледi жайыңды, жұрт бiледi.
Сыралғы ел сырғақтап, сырт күледi.
Бiлгенiнен не пайда, əлi күнге
Табылған жоқ СПИД пен қырттың емi.
Уəдеге бiз тойдық. Сен тоймадың.
Толтырардай тобырдың олқы ойларын –
Аямадың, барыңды судай шаштың,
Өзiң бiрақ бiр сүйем ортаймадың.
Былайғы елге көрiндiң сабаз-ақ тым.
Сордың – кепкен жiлiгiн қаражаттың.
Ертiп алдың соңыңа аш-арықты,
Өзiң бiрақ жуандап бара жаттың.
Жұрт бiледi жайыңды, жасырғанмен,
Бiр көргеннен таниды ел асылды əбден.
Əттең, əдет қалмайды-ау, неге əйтпесе,
Əлi жүрсiң, ұрлығың ашылғанмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу