Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  78


Автор: Ғұсман Жандыбаев

КIРПIШ ҚҰЯМ

Қолдағы қос қаруым – шелек, қалып,
Сəрiден кетем iске мен аттанып.
Алсам деп елдiкiндей үй тұрғызып,
Күн сайын кiрпiш құям дедек қағып.
Кенеттен титтей тамшы билеп келiп,
Жеткенде нөпiр нөсер түйдектелiп,
Қайырсыз қайран еңбек зая кетiп,
Қалады көп кiрпiшiм илектенiп.
Жоқ, жоқ, мен жаралмағам күйрек болып!
Езiлмен жас кiрпiштей илектенiп.
Жанымның сүйген iсiн жалғап кетем,
Қайтадан қалыбымды сүйреп келiп.
Сөз емес бұл нөсердiң лепiргенi,
Бұлттың да ақырғаны, жекiргенi.
Тiстеуге тиiс емен бармағымды,
Өлгенi – ер жiгiттiң өкiнгенi.
Өзiнде ер жiгiттiң өз нөсерi,
Ез емен iске сараң, сөзге серi.
Ағызсам ақ маңдайдың қара селiн,
Сесiне аждаһаң да төзбес едi.
Мейлi ендi! Жауса жаусын есерленiп,
Бiр жаққа кетсе кетсiн, не сенделiп.
Ал менiң жалпақ-жалпақ кiрпiштерiм
Жабады жердiң бетiн нөсер болып.
Құямын, кiрпiшiмдi құя берем,
Үй салам – ұялғандай ұя менен.
Кiндiгiн жас сəбидiң кескендейiн,
Лентасын зəулiм үйдiң қияды өлең!
Өмiр – жаз, бомаған соң iште тарлық,
Көрсете алмас ендi қыс қаталдық.
Келiңдер, қол қойғызбай үлестiрем,
Қолыңа бəрiңнiң де ұстатам кiлт.
Содан соң той жасаймыз қандай шiркiн!
Таңдайдан дəмi кетпес балдай бұл күн.
Бұл өмiр құшақтағы қызға ұқсайды,
Гүлдей пəк, Күндей ыстық, таңдай сылқым.
Уай, сонда терезеден жел сығалар,
Тұс-тұстан көшемiзге жол шұбалар.
Бəрiн де шақырайық пейiлдестiң,
Бұл тойға көп күттiрмей келсiн олар.
Көк нөсер бұлтқа айналса түйдектелiп,
Найзағай қасын керсе иректенiп,
Қонаққа шақырайық оларды да,
Қақпадан кiргiзейiк билет берiп.
Көк нөсер жасай берсiн ала шапқын,
Жолы мен жөнi бөлек парасаттың.
Құяйық сызат түспес, сынап түстес,
Гранит кiрпiштерiн болашақтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу