Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  78


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҒҰМЫР СЫЙЫ

Жалынды өрттей
Жас дəурен өтер.
Жабысқан дерттей
Жалғыздық жетер.
Алқынған жүрек
Аптығын басар.
Азайып тiлек,
Алғырлық қашар.
Жалыны сөнiп,
Көзден нұр таяр.
Уайым – серiк,
Құшағын жаяр.
Көңiлдiң көлi
сиретер қазын.
Күздiң де желi
Үйретер сазын.
Жиналып жолға,
Көшедi бұлттар.
Құлазып ол да –
Кешегi жұрттар.
Өзiңдi-өзiң
Еместей көрiп,
Өткен бiр кезiң –
Елестей болып,
Сол шақтың назын
Сағынар жүдеп,
Қия алмай жазын,
Қиналған жүрек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу