Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  62


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Кең далаға ғажап бiр келген сауық:

Кең далаға ғажап бiр келген сауық:
Сеңнен қуат, алғандай селден шабыт.
Үйiр-үйiр жылқыша шұрқырасты,
Өркеш-өркеш өзендер өрден шауып.
Малшынып тұр терiне сорғалаған,
Күрегiне сүйенген шаруа дала.
Омартадан шықты да оқтай зулап,
Шартарапты армансыз шарлады ара.
Əлемнiң саф нұрынан жаратылған
Арудай ақ төсектен жаңа тұрған,
Келдiң бе, былтыр кеткен, шiркiн көктем,
Солқылдап жер тамыры жан отыңнан..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу