Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  92


Автор: Ғұсман Жандыбаев

СЫБЫЗҒЫ ҮНI

Сыбызғы үнi, сырлы əуен,
Сиқырыңа тəнтi едiм.
Жанарымды сулар ең..
Тəкаппар ең дарытпас
Қайғының да тəлкегiн.
Бұл өмiрдiң мұңы мен
Қуанышы өлшеулi.
Сыбызғының үнiнен
Қайғыны ұғам бақытты,
Бақыт көрем ең шерлi.
Үлбiреген гүл мiнез,
Ерiктi алған ерке наз,
Жəудiреген нұрлы көз
Саған жиi кез болмас –
Дүние шолақ, келте жаз...
Кеудеңе кеп сары құс
ұя салса – сен тербет.
Мұндай мұңды сағыныш
Ендi бəлкiм жолықпас,
Бүгiнде бар, ертең жоқ.
Сыбызғы үнi, сырлы əуен,
Кеудеме қон, қайт маған.
Мұңлы дүние, нұрлы əлем...
Əнi екенсiң арманның,
Адам тiлi айтпаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу