Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  74


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Құштарлық

Түсiмде... қалып дұшпан жаласына,
Көңiлдiң медеу iздеп наласына,
Тап болып қалың зират арасына,
Бабамның барып жүрсем моласына:
Қуаныш, мұңын көрiп, той тойлаған,
Қызық пен қиындығы ортаймаған
Өмiрге деген ұлы құштарлықпен,
Даусынан жүрегiмнiң айқайлаған –
Оянып кетемiн де, алас ұра,
Орнымнан атып тұрам мен асыға.
Тек сонда, сонда ғана жеткендей боп
Өмiрдiң қадiрi мен бағасына.
...Жүрсе де не күлдiрiп, не жылатып,
Мұңайтып, iле-шала тез жұбатып,
Тынысын тiршiлiктiң жанмен сезiп,
Жер басып жүргенiңнiң өзi бақыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу