Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  127


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Ұялас қасқырлар

“Түгесетін болды ғой малды ұсақтап,
Ұстағанға – сыйлық пен алғыс әппақ!”-
Десе де жұрт, ұялас екі қасқыр
Қопа ішінде өмірін қалды сақтап.
Ауысқан ба ұрыға ұрыдан сүт,
Тас төбеде қопаның күні қаңсып
Тапқандарын аз күнде жеп бітірді
Бірі – азулы арлан да, бірі – қаншық.
Жандарынан шілдеде шыбын сиреп,
(Ұшқан шығар кемінде мыңыншы үйрек).
Аңдушыдан қорқады қос албасты
Қара түнде келетін құлын сүйреп.
Талай түнде шақырып ұрын кәсіп,
Екеуі де жорыққа жырынды ашық.
Араздықтың жаманы аштық екен,
Бір-біріне қарайды ырылдасып.
Жетінші күн үзді де жібін шыдам,
Арлан өзі бастады бірінші лаң.
Қопа ішінде қаншықтан қалды белгі –
Түте-түте түбіт пен жылымшы қан…
Дос күйініп құрмағы(?!) қас күлетін
Шындықтың рәсім ашты бетін.
Басыңа күн тумасын.
Күн туғанда
Қасқырдың да жеп қояр қасқыр етін!



(Автордың жазуынан берілді. Өлеңнің соңғы варианты табылмады, бұл алғашқы
жазба екені көрініп тұр)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу