Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  83


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Өтініш

Айдарына ақ самал ескен үнем,
Еш қағажу көрместен өскен ұл ем.
Коммунистер Отаны – менің елім,
Коммунистер тарихын беске білем.
“Күндеріңнен болашақ тосып ақ таң,
Қыжақпенен ешкімнің қосын артпан”-
Дейді маған қағидам коммунистік,
Коммунистер ұлымын – осы мақтан!
Тұрпатына лайық ер істер ен,
Коммунистер жолынан жеңіс көрем.
Муза біткен соларға бағышталып,
Күллі ақындар арнасын періште өлең.
Ақиқаттан аттамай қарыс табан,
Коммунистік мұраттан мәніс табам.
Ғалым ғасыр жүгі бар иінімде,
Жасасын жасампаз қол, нан ұстаған!
Шуағында Отанның гүлден есен,
Қуанышын, қайғысын бірге кешем.
Жиһан-жерде көп болса коммунистер
Жауыздықтан, дүние, кірлемес ең.
Мылтық емес, мәпелеп масақты әман,
Өз бақытын еңбекпен жасапты адам.
Ерке мінез еркіндік әз анасы –
Коммунистер Отаны – масаттанам!
Мақтан етіп елімнің ұлан даңқын,
Шабыттана шырқаймын бұл әнді әр күн.
Болашақтың тауына ұшты биік
Коммунистік қанатпен қыран халқым.
…Жасындардан ерліктің отын емген,
Пейілдері шадыман шетінен кең,
Жоқ болса да билетім партиялық,
Коммунист деп біліңдер - Өтінем мен!



(16.10.1976 ж.
“Орал өңірі” газеті)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу