Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  116


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Қиялдың жарыстырып жұп кемесін...

Қиялдың жарыстырып жұп кемесін,
Тағыда естеліктер түтті елесін.
Дозақтың домнасынан талай қайттым,
Жердегі алтын азап бітпегесін.
Бес елі қайткендеде бақ-талайым,
Таппадым жаман туыс қатты ағайын.
Өзіме сенен көрі сенгендер көп,
Сенімді енді қайтып ақтамайын.
Жанымда боз торғайдың үні бар сан,
Түсінбей түксидіңдер мұны қаншан?
Тіршілік-ұясы ғой мұраттардың
Жетемін бәрінеде тірі болсам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу