Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  68


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Аксиома

Көз жасқа толып етегі,
Жоймасын жаһан кейпін оң.
Бомбаның түрі жетеді:
Сутегі,
Атом,
Нейтрон...
Сөнбесін көкте сақи күн,
Сұмдықтан халық сескеніп.
Қайғысы Нагасакидің -
Қарғысқа толы естелік!
Армандар үшін аңсаған,
Зиянды зәуде ой-еңбек.
Әлемге бүгін жар салам,
Қылмыскер ғалым - Коэн деп.
Тыныштық күйін келтіріп,
Әлемнің тұрсын төрі аман.
Өзіңнен туған бөлтірік,
Өзіңе шабар-бөрі адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу