Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  197


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Қаройдағы толғаныс

Аяулы анаң-ақиқат та,
Атаң-кек!
Төрелердің тәтті қанын татам деп,
Бөрілермен бөрілерше белдескен,
Сен менен де бақыттысың,
Махамбет!
Төс етіңді майыстырып тас тірлік,
Қуаныш па?-
Көжектейін қашты ырғып.
Садақада сапырылысқан жұртыңа,
Жаугерлікте бұйырмаған бас бірлік.
Заман деген
Заман емес-қари түн,
Бытырадай бөлініпті жан ұйқың.
Басың кетті,
Мынау мылқау даланың,
Адамдыққа жеткізем деп «әр итін»...
О, Махамбет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу