Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  115


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Таң атқаннан күн батқанша жол жүрiп...

Таң атқаннан күн батқанша жол жүрiп,
Жол шегiнде құлап түссем болдырып,
Соңғы адымды еңбектеп-ақ өтермiн,
Өз iзiмдi жоғалтпастан кетермiн.
Өйткенi мен соңғы адыммен өлшенем,
Соңғы адымды алу үшiн жол шегем.
Көз ашқаннан көз жұмғанша жол шегiп,
Жер шетiнде құлап түссем теңселiп,
Аунасам да, өтермiн-ау айналып,
Тұңғиыққа қалмау үшiн байланып.
Өйткенi мен ертеңiммен өлшенем,
Жаңа бiр жол бастау үшiн жол шегем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу