Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  73


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Менiң сырым мезi етер...

Менiң сырым мезi етер,
Күлкiсiндей боп шалдың.
Тыңдай-тыңдай жалыққан,
Əуенiндей жақсы əннiң.
Күйе-күйе өртiңе,
Күл беттенiп алармын –
Əлем-жəлем, күп-күрең
Бұлттарындай ақшамның.
Менiң сырым бiреудiң
Ет-жүрегiн кескiлер.
Ал сен үшiн, бiлемiн,
Күлкiлi боп естiлер.
Жан жырларым –
Толықсып,
Туған Айдай жаңарар,
Жалын жүзiм –
Еңкейiп
Батқан Күндей ескiрер.
Мезi етермiн мен сенi,
Құтыларсың қашып тек.
Даусым жетер, жер шегi –
Алпыс қырдан асып кеп.
Мүсəпiрдей мүсiркеп,
Бас шайқарсың мəз бола:
“Маған да бiр бейшара,
мəжнүн ақын ғашық...” деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу