Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  91


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Намыс

Намыс парқын елемес
Нақұрысың мен емес.
Асылым сол –
Тайтұяқ
Алтыныңа теңемес.
Қол-аяғым байласаң –
Азабыңа кереңмiн.
Тозағыңа айдасаң –
Пешенемнен көрермiн.
Ине сұқсаң етiме –
Басымды имей жеңермiн.
Мазағыңның бетiне
Бiр түкiрiп өлермiн.
Мазағыңа бас ұрсам –
Намысымды төгермiн.
Жанбай, бықсып басылсам –
Өзiмдi өзiм көмермiн,
Оған қалай көнермiн,
Арыма онда не дермiн?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу