Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  80


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ОБАЛ

Екi жүйрiк қатар үздi керменi:
Бiреуiнiң даңқы дара өрледi.
Екiншiсiн... Ешкiм оны көрмедi.
Мұның бiрақ таңданатын жоқ түгi:
Жүлде алғанның биiгiрек шоқтығы,
Құр қалғанның... шағынарға жоқ тiлi.
Тұлпар қалып, озып келсе биесi,
Арқасына кiлем жабар иесi –
Атпаған соң... ақиқаттың киесi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу