Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  114


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Бұл өмiрде қызыққа толған əр күн....

Бұл өмiрде қызыққа толған əр күн,
Қола болып көрiнер қолдағы алтын.
Бiр бақытқа жетерсiң арып-ашып,
Ұмытылар күнi ертең ол да, бəлкiм.
Бұл өмiрде думанды, тамашалы,
Жүз биiкпен жүйрiк ой таласады.
Табанда қап тұлпардың қара шаңы,
Шыңға шықсақ, аңсаймыз аласаны.
Желдi күнi сезесiң ат арынын,
Бала болып көрiнер қатар iнiң.
Есейгенде есiңе ап, сағынасың
Ұстазыңның қамқоршы қатал үнiн.
Болса түнде ойлаған қаталдығың,
Күндiз жайлар жаныңды қапалы мұң.
...Қадiрiмдi адамдар жиi ұқсын деп,
Тəулiгiне бiр рет батады Күн




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу