Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  840


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚАЗАҚ ӨНЕРI

Халқымның бiр асылы – өнер деген,
Тозбаған, тотықпаған, көнермеген.
Өмiрiн өрнектеген елiм менiң,
Əсем əн, тəттi күймен, өлеңменен.
Ежелден халқым егiз өнерменен,
Өнермен өрге жүзiп, ел өрлеген.
Тойында өнерлiге төр ұсынып,
Дүлдүлдер дүбiрiне елеңдеген.
Аққуға аспандағы əнiн қосқан,
Айналып кетпеймiсiң қарындастан.
Қазағым өнерiмен отау тiгiп,
Дарынды ұл-қызының бағын ашқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу