Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  82


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Бұл өмiр қымбат қой шынында....

Бұл өмiр қымбат қой шынында,
Өтiнем, өлiмдi атама!
Өлгiсi келмейдi шыбын да,
Өлгiсi келмейдi бақа да.
Ойнауға тым əуес өмiрмен,
Жандар бар етi өскен көзiнiң.
Өзгенiң көз жасын көрумен –
Бақытын өлшейтiн өзiнiң.
Өзiмшiл көңiлдiң үйренген
Күпiсiн тастамай сүйрейдi.
Ондай жан өмiрдi сүйгенмен,
Оны өмiр сүймейдi, сүймейдi!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу