Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  162


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Ғажапсың-ау, қасиеттi паң өлкем...

Ғажапсың-ау, қасиеттi паң өлкем,
Ұлы далам, атамекен, ар өлкем.
Бақыт деген осы екен ғой деп қалам,
Аман-есен сенi көрсем таңертең.
Таңсəрiде кiрпiктерiн қақса Күн,
Алтын шықтан бу ұшады – ақ сағым.
Егiз екен ұлылық пен кiшiктiк,
Жанарыма сыйып кеттiң шап-шағын.
Бiреулердi ойландырмас ол да аса,
Өзiңе тəн дарқан мiнез қонбаса.
Ұлылықты сезе алу да мүмкiн бе,
Миллион есе кiшiктiгi болмаса?!
Сақта менi саған кiнə тағудан,
Сақта менi бөгде мiнез дарудан.
Жанарыма сыйған дүние, мен саған
Құйттай болып, өзiм сыймай қалудан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу