Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  109


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Қыс

Қабағын аспан жиi түйiп алып,
Мама бұлт, балбырайды иi қанып.
Кеменiң желкенiндей мұнартады
Таулардың ақ жағалы иығы алып.
Түлкiше жата қалар дала сұлап,
Жортқанда бөрi боран ала шұнақ.
Далбақтап аңшы шабар шатқал жаққа,
Тəңiрден алғандай-ақ бала сұрап.
Ақ шəлi шаршыланып иығында,
Сес те бар тылсым көздiң қиығында,
Алыстан табындырып, жылу шашып,
Ойнаған сəл жымиыс миығында,
Жалтылдап құндыз тоны көз қарыған,
Тəкаппар, жаңылмайтын өз бабынан,
Мұнтаздай, мұздай салқын, оттай ыстық,
Қыс – əйел, мысы басып, тез бағынам.
Бiледi жақсы емесiн сырдаң қылық,
Омбы кешсе, балтырды кiм талдырып.
Қыс кейде, қамқор ата секiлдi бiр,
Жүретiн сақтандырып, қымтандырып.
Мұзы бар мiнезiнiң тайғанайтын,
Ұқсайды əжемiзге айдан-айқын:
Тыққандай екi аяқты бiр етiкке,
Сүмпитiп алатын да... аймалайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу