Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  128


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТIРШIЛIК

Нұрлы бiр дүние – тiршiлiк.
Кiрмеймiн оған қымсынып,
Жүрмеймiн жүнжiп, құр сұлық,
Шықпаймын жəне күрсiнiп.
Толқынды дария – тiршiлiк.
Астына кейде бiр сүңгiп,
Үстiне кейде бiр шығып,
Келемiн қуып, қусырып.
Ну жыныс орман – тiршiлiк.
Тамырын жаяр бүр шығып,
Мен онда балғын бiр шыбық,
Жатпаймын, қурап құр шiрiп.
Үзiлмес үмiт – тiршiлiк,
Жол емес ол бiр күншiлiк.
Жалғаймын өмiр сапарын
Арайлы таңда құлшынып.
Қиындық көрсем, тұншығып,
Етпеймiн оған құлшылық.
Өмiрге менiң өкпем жоқ,
Төбемде тұрса Күн шығып.
Нұрлы бiр дүние – тiршiлiк.
Кiрмеймiн оған қымсынып,
Жүрмеймiн жүдеп, құр сұлық,
Шықпаймын жəне күрсiнiп.
Нұрлы бiр дүние – тiршiлiк...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу