Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  97


Автор: Ғұсман Жандыбаев

АР ЖҰЛДЫЗЫ

Екеумiз Айды бақтық, Күндi iздедiк,
Арымыз аялаған гүлдi үзбедiк.
Сен алғаш көрiнiп ең бiр қыз болып,
Содан соң кеткендейсiң жұлдызға енiп.
Сен – маған, мен де саған жұлдыз болып,
Адалдық аспанында тұрмыз қонып.
Не керек, бiз екеумiз екi жақтан
Аяулы Ар жұлдызын жүрмiз қорып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу