Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  106


Автор: Темірше Сарыбаев

СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ ӨЗІҢДІ

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа
Аруақты орын,
Қашаннан киелі қазақ!
Бітімі бөлек,
Сыры ерек,
Сүйегі ғажап!
Айдай әлемге танылған
Адалдығым деп,
Сүйеді, аға, өзіңді,
Сүйеді қазақ!
Табуға бекіп
Қалайда бip ағат icтi,
Алтынға қоспақ ойлары
Сыналап мысты.
Эфирден айтты,
Күпілдеп,
Газетке жазды,
Ізіңе күн-түн, ағатай,
Шырақ ап түсті.
Іздеді ақ тер,
Көк тер боп
«Алтын қойманы!»
Қамыңды іштей қайысып
Халқың да ойлады.
Жаны жомарттың қашанда
Мұраты асқақ.
Жүрегі,
Ici,
Ниеті –
Жарқын ғой бәpi!
Жарқын ғой бәpi
Жүрген жол,
Өткен іздері.
Халқына шалқып жататын
Көк теңіз көңілі!
Елінің қамын ойлады
Ерте де,
Кеш те.
Көркейсін деді,
Жұртына көктем іздеді.
Жоғары қойған о бастан
Алтыннан арын.
Өзгенің қайтсын,
Қыңыр ой,
Салқын қабағын?!
Ұждан мен Ардың –
Әлемдік өлшемі өзің,
Ұрпақ алдында мәңгілік
Жарқын жанарың!
Аруақты орын,
Қашаннан киелі қазақ!
Бітімі бөлек,
Сыры ерек,
Сүйегі ғажап!
Айдай әлемге танылған
Адалдығым деп,
Сүйеді, аға, өзіңді,
Сүйеді қазақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу