Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  87


Автор: Темірше Сарыбаев

ҚАРАҚШЫҒА ЖЕТКЕНДЕ СЫР АШЫЛАР

Сан сайгүлік сап түзеп санағанда,
Жалтаңдайсың жат па
деп жанағанға.
Күдігің де тұрады көлденеңдеп,
Ат қосқасын, амал жоқ, аламанға!
Салмақтайсың санаңда сөз сарасын,
Алды-артыңа абайлап көз саласың.
Қалың топтың ішінде бәрі де бар,
Білмейтіндер бар және өз шамасын.
Бурылы бар, кері бар, құласы бар,
Қарақшыға жеткенде сыр ашылар.
Қаптай шыққан жүйріктің
алдын орап,
Озады деу – обал-ақ, – мынасы дәл!
Біреуіне біреуі жер қаптырып,
Бірі тізгін тежейді жел қақтырып.
Айласы мен амалын аямайды,
Үйренгенше жарысқа
сен жаттығып.
Әне, шықты шымыр
топ тізбектеліп,
Сол шоғырға тәуекел, біз беттелік!
Ат шаппайды мұндайда – бап шабады,
Бақ қонбайды басыңа іздеп келіп.
Делебесін қоздырған кең даланың,
Ермегі емес бұл бәйге ерқараның.
Аламанға ат емес, атан қосқан,
Абайлаңдар, ағайын, мен ғанамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу