Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  253


Автор: Гүлайша Ерахмет

Бір күні түсіңде көретініңе сенемін...

Бір күні түсіңде көретініңе сенемін,
Бір күні көңіл бөлетініңе сенемін.
Іренжітсем де іздейтініңе сенемін,
Кінəлі болсам, күлмейтініңе сенемін.
Айтқан сөзіңнен қайтпайтыныңа сенемін,
Мен жайлы ғайбат айтпайтыныңа сенемін.
Сағынып, аңсап келетініңе сенемін,
Жүрегіңді өзің беретініңе сенемін.


Өзге қызға көз салмайтыныңа сенемін,
Тағы да мені талдайтыныңа сенемін.
Оңаша қалсаң ойлайтыныңа сенемін,
Қолдайтыныңа, қорғайтыныңа сенемін.
Жүрегіңде орным биіктігіне сенемін,
Айналып келіп жігіттігіңе сенемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу