Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  98


Автор: Гүлайша Ерахмет

Өкпелеуім – сені жақсы көргенім...

«Өкпелеуім – сені жақсы көргенім».
Саған деген іңкəрлігім ол менің.
Қыздарға мін қылт-сылт ете білмесе,
Сол өкпесін жаза алмаса ерге мін.
Қаһарланба қайдағыны тауып ап,
Сабыр ете тұршы күліп азырақ
Ебін тауып бір əңгіме бастап кет,
Е, болмаса «жаным» дей сап жадырат.
Оған бола бастай көрме ерегес,
Мəңгі бақи менің өкпем түгемес.
«Наздана алмас сүймегенге сұлу қыз»
Өкпелеуім – жек көргендігім емес.
Қызық ойға жетелейді қыз арман,
Бұрымымнан көрме əсте оны ұзарған.
Өкпелесем сүйеді екен деп ұқ та,
Өкпелемей қалғанымнан күмəндəн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу