Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  53


Автор: Гүлайша Ерахмет

Жанары жылт-жылт еткен үрейлі түн...

Жанары жылт-жылт еткен үрейлі түн,
Жəне кеп жатағыма түнеймісің.
Қарсы алмай сені, ұйықтап қалуға да,
Қайтейін, кемігендей жігер-күшім.
Көңіл-күй керек екен ұйқыға да,
Қалғымаймын қазірше, жұлқылама.
Телміріп тереземнен тұрып алдың,
Жоқ əлде келіп пе едің жыр сұрана?!
Кел онда, біз екеуіміз сырласайық,
Қайғыңды айтып қал сен де, бір жасарып.
Жыртық-жыртық боп кеткен өңіріңнен,
Жыртып-жыртып жыр дейтін гүл жасайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу