Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  74


Автор: Гүлайша Ерахмет

Сағыныш ол – сезім шерткен күй екен...

Сағыныш ол – сезім шерткен күй екен,
Осыны ұқтым кездескелі міне, сен.
Ақын болып мен шыдамай жүргенде,
Басқа қыздар қайтып төзіп жүр екен.
Арасында сен жүресің түсімнің,
Құдіретін енді ұғындым құшудың.
Байыптылау менен сабыр кеткенде,
Жеңілтектеу құрбыларды түсіндім.


Өзі қиын сағындым деп айтудың,
Cенің əрбір сөздеріңе-ақ балқимын.
Мен жиырмада жынданайын деп жүрмін,
Жиырмаға əлі келмегендер қайтып жүр.
Сағыныш қой, десем қате оны азап,
Сені сүйдім көзден жасым домалап.
Өлеңі бар мен өртеніп жүргенде,
Өзге қызға болған екен обал-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу