👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  47


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қалыңдығы сияқты ем көке жырдың...

Қалыңдығы сияқты ем көке жырдың,
Болдым ынтық сырына бөтен ұлдың.
Тапсырма орындайын деп отырып,
Сол жайлы өлең жазып кетем ылғи.
Өкініштер жатса да өзек қарып,
Сергіп кетем əйтеуір соны еске алып.
Сол тұратын қалаға жиі-жиі,
Барғым келіп тұрады себеп тауып.
Сол қаланы сол бар деп өте сүйем,
Сол кездесіп қалардай көшесінен.
Жігіттер өкпелейді-ау биге тартпай,
Жоқ десем сол жігітке жететін ер.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы