Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  159


Автор: Гүлайша Ерахмет

Адам шаршайды екен ғой арман қуып...

Адам шаршайды екен ғой арман қуып,
Жауатұғын күтемін қардан да үміт.
Қар жауған күн сен іздеп келер деймін,
Есігімнен енер деп таңғалдырып.
Тақтым солай мойныма үміт маржан,
Бақыт тілеп жаумаған күміс қардан.
Аспанды анау жатқандай толғақ қысып,
Бұлттары бүйіріне ұйып қалған.
Қауышқанда бізбенен қар қызы кеп,
Басыма кеп орнардай бар құдірет.
Көңіл құрғыр түсердей сабасына,
Көрінсең-ақ көзіме жалғыз рет.


Арман солай, амал жоқ алданбауға,
Келетіндей сен еріп жауған қарға.
Қарай-қарай қайтейін, көзім талды,
Бірақ, біздің қалада қар жаумайды, ə.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу