👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  55


Автор: Гүлайша Ерахмет

Ей, қарлығаш, берші маған хат тасып...

Ей, қарлығаш, берші маған хат тасып,
Амал таппай келіп тұрмын басқа түк.
Мынау хатқа орап əкеп отырмын
Көңілімді, көкжиекке қатты асық.
Ойлап тұрмын, ең сенімді өзің деп,
Бəлкім қайтып ораларсың жолың боп.
Бірталай құс қондырып ем қолыма,
Оның бəрі ұшып кетті жем іздеп.
Ей, ақ төс құс, берші маған келісім.
Қыран көктен жерге түспес жем үшін.
Елеңдетсе менің елік жырларым,
Жерге түсер сол үшін.
Ей, нəзік құс, отырсың ба ойланып,
Өтінейін, ете көрші қолғабыс.
Күтіп жүрмін, тосып жүрмін мен оны,
Жырларыммен жер бетіне тор жайып.
Мына хатты тұрмын саған табыстап,
Тістеп алып бара ғойшы ғарышқа ап.
Биік ұшса биік ұшсын ол менен,
Бірақ, ұшып кетпесінші алыстап.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы