Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  76


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қыран көрдім қанаттары сап алтын...

Қыран көрдім қанаттары сап алтын,
Сол қонатын тұғыр ма екен анау шың.
Оның ұшқыр көздерінен айналдым,
Маған шексіз махаббатпен қарайтын.
Сол қыран құс мені айналып ұшқалы,
Түсімнен де, ойымнан да шықпады.
Көкте ұшса ұнатады биікті,
Жерге түссе менмін жалғыз құштары.
Күнде онымен көкжиекте кезігем,
Ауа болып аймалаймын оны мен.
Ол көктегі, мен жердегі құс болдым,
Қаталаған інкəрліктің шөлінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу