Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  70


Автор: Гүлайша Ерахмет

Ағып жатыр мынау өзен бұлықсып...

Ағып жатыр мынау өзен бұлықсып,
Күн төбеден төгіліп тұр ып-ыстық.
Өртенген жан өлең жазсын дегендей,
Айналамда мүлгиді үнсіз тыныштық.
Шырайына шырай қосып аумақтың,
Анау гүлде бір бұлбұл құс сайрап тұр.
«Ол бір күні келеді деп сені іздеп»,
Кекілімнен сипалайды алдап күн.
Жағасында сол өзеннің сенделіп,
Ауыр оймен келе жаттым тербеліп.
Менің отым басылатұғын емес,
Қанатыңмен желпімесең сен келіп.
Дəн дəметкен бірнеше құс қасымда,
Бірде айналып ұшып жүрді басымда.


Бірақ, олар еместігін білемін,
Таңір берген бақыт құсы ақынға.
Мен оларды дəндетпем ем жем беріп,
Қабағыма қарайды олар жол беріп.
Сол құстардың бірін таңдай салармын,
Құтқармасаң сен келіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу