👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  51


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қыран

(желілес өлеңдер)
* * *
Бүркіттей текті құсын қырдың ғажап,
Қыран деп атайды екен біздің қазақ.
Сол қыран мекен етіп биік басын,
Аязда шайқайды екен жұмыртқасын.
Қанша ұшса да қанаты талмайды екен,
Ұсақ құсқа тырнағын салмайды екен.
Естілігі аңғартып тектілігін,
Таңдап қонған құс екен тек тұғырын.
Қарсақ емей, алса ылғи қасқыр алған,
Саңқылдаса дауысы тасты жарған.
Құмарлау құс болғасын қызылға анық,
Томағалап ұстапты біздің халық.
Құстың жанын білген ел, құстың халын,
Сол қыранға балапты мықты ұлдарын.
Көрсетседе сол қыран еселі ерлік,
Бір міні бар, өкпешіл екен ол құс.
Көкте қыран өкпешіл, ал жерде сен,
Еш амалым қалмады, қайтсем екен.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы