Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  60


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қайдасың өмірлігім

Сүйер едім сөздеріңе балқып кеп,
Жібек сүйген Төлегеннен артық деп.
Салиханың Сəменінен батыр деп,
Еңлік қыздың Кебегіне татыр деп,
Пушкинмен де шығады деп дуэлге,
Мақтап ылғи жүре едім сені елге.
Артық көре алмасам да Абайдан,
Алайда артық көрер едім талайдан.
Бай баласы болмасақ та шіренген,
Біреуден кем, артықпыз деп біреуден.
Ақ көйлегім болмасада бүрмелі,
Көзге ыстық көрінер деп сүйгені,
Еркелер ем төсеп саған бетімді,
Алар едім махаббаттан өшімді,
Жалғыздықпен атып кеткен неше түн,
Сол түндердің қайтарар ем есесін.
Өмірлігім, қатырғанша басымды,
Айта салсаң болмас па еді атыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу