Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  64


Автор: Гүлайша Ерахмет

Тәубе

Жеткен жерім бұл емес, жеткен жерім,
Қарамаймын бетіне бес теңгенің.
Кете алмаймын бірақ та, кет дейді өмір,
Өзенмін мен, еркіңмен кеш дейді өмір,
Кешіп көрдім, бірақ та сескенбедім.
Табаныма тас батты жек көргенім.
Содан кейін шақтым мен кештерге мұң,
Ауызы берік досымдай кештер менің.
Керегі не, жалықтым кештен де бұл,
Үстімдегі көлбіреп көк көйлегім,
Көбелекке айналып кетсем дедім.
Райымнан қайтайын тəубе, тəубе,
Раббым қарап тұр көктен менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу