Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  74


Автор: Гүлайша Ерахмет

Алдыңнан бір өтіп ем

Қазақтың қызына тəн ізетіммен,
Алдыңнан бір өтіп ем.
Сəл, сəп-сəл қарадың, сезіп тұрмын,


Жүрсіңнің жаңылып іретінен.
Қасыңдағы жігітке бір сөз айттың,
Дедің бе, «осы қызды сүйетін ем»?
Қызықтыра түскім кеп қимылыммен,
Қалқаладым жүзімді күндігіммен.
Бақыт екен қапияда ұшырасу,
Сағынумен, аңсаумен, үздігумен.
Саған деген қимастық қайта оянды,
Қалар белгім сияқты қыз күнімнен.
Есендестім ернім ерінгендей,
Бəр-бəрін өзіңнен көр.
Қыздың құмар көзімен қарап қойдым,
Жүрген кезің секілді сен үйленбей.
Жүрегімді ауыртып алдым, əттең,
Жүре берсем не етті, көзім көрмей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу