Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  103


Автор: Гүлайша Ерахмет

Кездесу

Сендей боп көрінбес деп көзіме ешкім,
Алдымда ант суын неғып іштің.
Қасыңда менен гөрі аласалау,
Етті-жеңді бір қыз бар жолығыстың.
Аласарып бірдемде айбарыңның,
Тұрғанынан туылды таңдануым.
Сабақтасы шығар деп ойлар едім,
Тершігенін көрмесем маңдайыңның.


Күнə да емес шығар-ау күнім мұның,
Ешбір сылтау таба алмай күмілжідің.
Үндеместен ұзауға мəжбүр болдың,
Алдымда паш болған соң сырың бүгін.
Көңіліме көптеген сұрақ еніп,
Кеткенімде алаңдап ыза болып.
«Мен оны емес, ол мені сүйеді» деп,
Ентіге түсіндірдің қуа келіп.
Жолығармын бұл жерден саған əлі,
Сол қызды ертіп жүрсең тек жарағаны.
Екі қызды сүйгенің ерлік дер ем,
Екіжүзді болғаның жарамады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу