Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  95


Автор: Гүлайша Ерахмет

Маған тəтті сыйладың

Белгісіз... Саған үміт артатын ем,
Белгісіз... Қимастықпен қайтатын ем.
Белгісіз... Сағынышпен кездескенде,
Маған тəтті сыйладың қалтасымен.


Белгісіз... дегенің бе, көңілді етем?
Болар ед оны өзіңмен бөліп жесем.
«Қара қыз» деп қалжыңдай бергенше енді,
«Тəтті қыз» деп жүрейін дедің бе екен?!
Өз қолыңмен сыйлаған бұл несібе,
Куə ма еді сүйерің, сүймесіңе.
Тəтті деп жылап, тəтті жеп уанатын,
Бала күнім оралып тұрды есіме.
Жоқтай болып керегі ештеменің,
Өзің жайлы тəтті ойға кеткен едім.
Тəтті алып бергенше тəтті ойымды,
Неге аңғармайды екен деп өкпеледім.
Тəтті бола берсін деп татқан дəмі,
Жарайды, ойлап тауыпсың жақсы айланы.
Төбем көкке жеткендей қуанбаспа ем,
Тəп-тəтті ғып бірер сөз айтсаң-дағы.
Шығар бəлкім біз үшін бұл бір бақыт,
Деп те ойлаймын сырғамды сыңғырлатып.
Содан бері түс көріп тəтті-тəтті,
Тəтті-тəтті қиялға жүрмін батып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу