Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  106


Автор: Гүлайша Ерахмет

Ана тілды қорғау

− Тапқаныңа болайын-ақ теңіңді,
Бірақ, қызым ұмыттың ба тегіңді.
Ассалау деп бере алмаса сəлемін,
Күйеу бала болам деуі дəме оның,
Шүлдірлейді басын айтып əр ненің,
Айналайын, қазақ аты қане, оның? −
Деп іренжіп, дəлелімен орынды,
Қыз əкесі тебінді.
− Тапқамын жоқ жігіттердің əккісін,
Таптым əке, мінездісін, жақсысын.
Бəсекеде тек сол ғана озады,
Қызметі, айлығы да жоғары,
Жүрегі де халық үшін соғады,
Мені ұнатып қалғаны ма обалы? −
Деп, бұртиып қызы əкеге қатты тіл,
Өкпелеген сəбидей боп тəтті үшін.
Əкесі айтты: − құп көрмеймін мұныңды,
Бұл заманда кімдер емес білімді.
Қарғам, сені қызықтырған тұрмыс қой,
Ана тілін ұқпау деген сұмдық қой.
Ана тілін білмейтұғын адамды,
Адамдарға басшы қылу қылмыс қой...
Содан ауыр күрсінді əке, күбірлі,
Заман дертін ұғынғандай бүгінгі.
Жігіт кеткен ата алдында сыналып,
Ал, сонан соң болмай қалды құдалық.
Бұған ара түсе алмады жеңге де,
Қызы жылап жатты шеткі бөлмеде.


Нағыз жігіт намыстанса қиындау,
Нағыз жүйрік сыналады көмбеде.
Ғибрат алатындай мына жұрт,
Елді бұл іс ойландырды бір ауық.
Берген серттен айныған ба, қу көңіл,
Саусақпенен санады қыз күндерін.
Жап-жас жігіт айтқанынан қайтқан ба?
Сыннан өтпей қалған сонау шақтарда,
Алфавитты жазып, жаттап ақ таңда,
Ана тілін үйреніпті бақтарда.
Аз күннен соң іздеп келіп сүйгенін,
Ойы барын айтты тағы үйлену.
Еш сөзінің болмаған соң қатесі,
Берді қызын жігітіне əкесі.
Пенде болмас кемшілігі болмайтын,
Алдымызда тарау-тарау жолдар тұр.
Тарихта боп көрмеген ондай сын,
Əке керек ана тілін қорғайтын.
Ана тілды қастерлеудің басы осы,
Əкелерге ой салса екен əке ісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу