Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  96


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қайыршы мұң

Ортасында махаббат пен тұрмыстың,
Өзің біліп кесім қылдың, тұңғыш бір.
Қоңыр қозы секілденіп мен қалдым,
Көгенінде маңырған тірліктің.


Өткенді ұмыт ете алмайды-ау, үйлену,
Қандай азап, сүймегенмен бір болу.
Тым асықтың, кеттің маған өкпелеп,
Керек болып бір шүйке бас үйге ену.
Махаббатқа сəл қарауға болмайды,
Махаббатсыз тұрмыс құру, сол қайғы.
Мына өмірдің қонағы едік бір келген,
Қайыршы мұң міне, бізге қол жайды.
Сыйың ба бұл? Бақытыңа бөлеген,
Қамықпас ем бірге жүрсең сен егер.
Қайыршы мұң қағып жатыр қақпамды,
Қолына оның не ұстатам, не берем?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу