Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  91


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қыз болып туғаныма

Қырық қыздың ішінен имендіріп,
Биге тартқан жігітпен билеп жүріп.
Биден тарап қайтқанда əзілдесіп,
Қайтқан сəтте мені əкеп үйге ендіріп,
Қыз болып туғаныма қуанамын.
Кеше жар боп кеткендер асық болып,
Төркініне жатса егер қашып келіп.
Жамандаған жан көрсем қосақтарын,
Жаһанамның үстінен жасып келіп,
Қыз болып туғаныма мұңаямын.
Біреу қызға өзгерсе бет-пішіні ер,
Жүрегінің шыдамай тепкісінен.


Қыз ғұмырдың қымбатын білгендік əм
Ерлер қорлық көргендік деп түсінем,
Қыз болып туғаныма шүкір деймін.
Баласы да атамай атын оның,
Əкесінің айтса тек аты-жөнін.
Ана бол да, пана бол бəрібірде,
Төмен екен деп ойлап ақыры орным,
Қыз болып туғаныма өкінемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу