Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  79


Автор: Гүлайша Ерахмет

Саған телефон шалу

Саған телефон шалу
Жанартауға жақындаумен барабар,
Сағынышымды сезіндіру шама бар.
Саған телефон шалу
Жерде емес кеңістікте кездесу,
Жүрегімді жылы сөзбен тербету.
Саған телефон шалу
Сан үміт пен сан өкпеге жолығу,
Сан миллион сезім-сеңге соғылу.
Саған телефон шалу
Көлден жүзіп өтуден де қатерлі,
Көрген барлық қызығымнан əсерлі.
Саған телефон шалу
Ұқтырады нəзіктіктің өлшемін,
Күлге айналып кете жаздар қолфоным.
Саған телефон шалу
Ұстатқандай жиырма бестің саусағын,
Он сегізбен қауыштырар қайта бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу