Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  228


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қыз бала

Өз үйінде бойжетіп, өзге үйде ержеткен,
Өз үйінде тербеліп, өзге үйде бесік тербеткен.
Өзге үйде көрген жапаны, өз үйінде көрместен.
Өз үйінде аққу боп, өзге үйде таранған.
Өз үйіндегі қара шаш, өзге үйде ағарған,
Өзі үшін емес-ау, өзгелер үшін жаралған.
Өз үйінде қыз болып, өзге үйде əйел атанған,
Өз үйінде тəрбие, өзге үйде ақ бата алған.
Өз үйінде жібектей, өзге үйде болған қатал жан.
Өз үйінде еркелеп, өзге үйде ер баққан,
Өз үйінде қуыршақ, өзге үйде бала ойнатқан.
Өз үйіндегі кінəсі, өзге үйде сорлатқан.
Өз үйінде туылып, өзге үйде өлетін,
Өз үйіндегі бақытын, өзге үйден көретін.
Өз үйінде бота боп, өзге үйге шөгетін.
Өз үйінде іңгəлап, өзге үйге іңгə сыйлаған,
Өз үйінде қуыршақ, өзге үйде жиһаз жинаған.
Өзге үйге сыйса да, өз үйіне сыймаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу