Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  74


Автор: Гүлайша Ерахмет

Бұрыннан озат емес ем

Бұрыннан озат емес ем,
Класком тіпті болғам жоқ.
Мұғалімдерім ересен,
Əйтеуір, елу қойған жоқ.
Емтихан онда көп біздің,
Алпысқа зорға ілініп.
Он неше жылды өткіздім,
Жығылып жүріп, сүрініп.
Тым құштар едім өмірге,
Сезді ме соны тағдырым.
Институтқа кетер кезімде,
Тəлейім келіп қалды бір.
Өте де шықты бес жылым,
Ойлап тым, осы болған деп.
Мұғалімдердің ешбірі,
Онда да елу қойған жоқ.
Бақыттың əсем бағына,
Кіруім үшін күлімдеп.
Махаббат емтиханына,
Тізімделіп ем бүгін кеп.


Шарпыды бойды жылы ағын,
Сол жігіт мені сүйгелі.
Тəңір дейтін мұғалім,
Елу қоймаса игі еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу