Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  127


Автор: Гүлайша Ерахмет

Кофеханада

Кермектеу кофе кенеттен,
Бал татып кетті ерніме.
Алысып сезім, елеспен,
Жаныңда отырмын мен міне.


Не десең, о де қолыңда ем,
Кетемін күйіп жоладың.
Сүрмелі қасты көзіммен,
Сүзіле қарап қоямын.
Кофенің иісі бұрқырап,
Мұрнымызды отыр қытықтап.
Ұяттың жаны шырқырап,
Беретін емес ұрықсат.
Кездестік зорға дегенмен,
Сөз таппай тұрмын айтарға.
Бөлек көруші ем сені елден,
Қолымды ұстата салсам ба?!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу