Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  76


Автор: Гүлайша Ерахмет

Мен емеспін

Мен емеспін бұл жырлардың авторы,
Авторы оның мендік ойдың əттеңі.
Авторы оның үміт пенен өкініш,
Солар маған жыр жаздырды өтініп.
Мен автормын ұнату мен қиялға,
Бірақ, жазып көргенім жоқ шығарма.
Қыз бала деп аталатын қырсықтан,
Ұнатуым көңілімде тұншыққан.
Сəл төмендеу жаралған соң біз ерден,
Қиялды да көкке ұшырып жібергем.
Қолымнан бар келетіні ұнату,
Жасырмаймын осы менің расым.
Менің автор болуыма күн ерте,
Көтере алмай қалар оны бұл өлке.
Сондықтан да авторлықтан бас тартам,
Күбірі ол, көңілімнің тас-талқан.
Мен авторға айналған күн шынымен,
Жырларымды жатқа оқиды дүйім ел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу