Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  130


Автор: Гүлайша Ерахмет

Сен телефон бермесең

Жайнап тұрған өмірдің сұрқы қашып,
Құлын мұңым кеудемде шұрқырасып.
Тəңірді де, таңды да қарғай алмай,
Басқа қызық жанымды алдай алмай.
Еліте алмай көше де, бақша-бау да,
Жетпей, құрғыр дəрменім аңсамауға.
Елден бұғып жатақта жалғыз қалып,
Өз отыма отырам жалғыз жанып.
Ойлай-ойлай жек көріп қалам бірде,
Тіл қатпауға бекініп саған мүлде.
Енді сені көрмеуге бекемденіп,
Ант етемін ішімнен сосын келіп.
Еске алмауға тырысып сөздеріңді,
Артық ете қоймақ боп өзге кімді.


Көз алдымда көп жігіт сабылысып,
Өз отыма отырам жанып, ысып.
Осы ойларым ары қарай бармай жатып.
Сенің телефон бергенің қандай бақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу